КИБЕРБОУЛИНГ БОЙЫНША ЖҰМЫС

“Булинг”-оқушылар арасында бір-бірімен тіл табыса алмау, бір-бірін мазақтау, бір-бірін бөлектеу.
“Тәрбие-тал бесіктен” әр ата-ана өз баласына дұрыс бағыттағы тәрбиені көрсете білсе мемлекетіміз тату, заманымыз тыныш болады. Ұлдарымыз міндетті түрде күшті әрі қайратты болу керек.
Бірақ күшті қай кезде дұрыс қолдану керектігін бағыттап отыру ата-ананың адамгершілік
міндеті☝🏻.
Әлімжеттілік жасап әлсізге тиіспеу керектігін, бойындағы күшін дұрыс бағыттағы спортқа жұмсау керектігін, қажет болған жағдайда өзін қорғауға жұмсау керектігін түсіндіріп, бағыттау әр-бір әке мен ананың міндеті.
Ақыңды жіберме ұр, соқ, теп деп баланы агрессияға итермелеудің қадеті жоқ❌. Ондай тәрбиеде балаға тек зиян тиеді, бала агрессивный, ашушаң, сөзге келмей төбелескіш болып өседі. Күшті дұрыс қалыптастырып, дұрыс бағытта жұмсап үйренген бала болашақта өзін қорғайтын, отбасын қорғайтын, елін қорғайтын азамат болып өседі. 4”А” сынып оқушыларының “ Біз-булингке қарсымыз” атты сыныптан тыс тәрбие сағатынан үзінді.