Мектеп жаңалықтар

Отбасылық қарым-қатынас бала өмірінде аса маңызды рөл атқарады.
Әрбір дүние жарығын ашқан сәбидің тұлға ретінде қалыптасар жолында елеулі рөл атқаратын маңызды институт – отбасы.
Отбасылық құндылықтар мен әке-шешенің бала бойына сіңірер тәрбиесі – адамның негізгі болмысын құрайтын маңызды іргетас екені анық. Тұлғаның қалыптасуы отбасыдан басталады, ал отбасылық құндылықтар мен болмыс табиғатының үйлесімді дамуы тұлға бойындағы ең маңызды дағдылар мен қасиеттерді қалыптастырады.

“ӘКЕ-ШАҢЫРАҚ ТІРЕГІ” атты іс-шарада әкелер мен қыздар биінен үзінді.

Қыздар әкелерін биге шақырып😇, әкелер қобалжып😌 өте керемет, әсерлі көрініс болды.
Әкесінің қолында өзін еркін ұстаған қыздарымыз әкенің қамқорлығы мен ыстық алақанының күшін ерекше сезінді.
Мақсат: әкенің қыз тәрбиесіндегі ерекше орнын сезіндіріп, қыздарына әкесінің күшті де қамқор екенін ұғындыру.

“ӘКЕ-ШАҢЫРАҚ ТІРЕГІ” атты концерттік бағдарламасынан үзінді.
Бағдарлама мақсаты: бала тәрбиесіне әкелерді барынша жақындату, мектеп-ата-ана-оқушы қарым-қатынасын нығайту. Әке сөзінің терең мағынасын оқушыларға ұғындыру.

“Жас-Дарын 3” мектебінің 2-3-4-сыеып қыздарына арналған қыздар жиналысы.

Жиналыста ең алдымен: қыздардың өмір қауіпсіздігі, жолда жүру ережесі, мектеп ішіндегі қарым-қатынас, тазалық, жеке бас гигиенасы, жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қыздардың ішкі сенімділігін қалыптастыру мақсатында “Мен өзімді сыйлаймын” тренингі өткізілді.

Нейро жаттығулардың пайдасы қандай?
Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс жасауын жақсартады,ұсақ ірі моториканы дамытады,ақпаратты тез қабылдап,қорытуға көмектеседі,зейінді шоғырландырады,есте сақтау қабілетін арттырады,оқу және жазу процестерін жақсартады,мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.

Әр жұма күні ұзартылған күн тобында (продленка) қалған оқушыларға бос уақытын тиімді пайдаландыру мақсатында НЕЙРОЖАТТЫҒУ сабағы өтіледі.

Мектебімізде БАЛАЛАР МОБИЛЬДІ КІТАПХАНАСЫ балалардың гаджетті тиімді әрі пайдалы қолдануына ықпал болсын деген мақсатта мектеп директорының басшылығымен жасалынды.
Әр бала телефондағы QR кодпен кіріп оп-оңай ертегіні көре алады. Телефон QR кодын қабырғадағы ертегі QR белгісіне жақындатқан сәтте ертегі ашылып көрсетіле береді.
Мақсат: баланы кітап оқуға қызықтыру. Телефоннан көрген ертегіні кітаптан оқуға қызығушылығын арттыру.

Тілдер апталығы жалғасуына байланысты бастауыш сынып оқушылары “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” деп орыс сынып оқушылары қазақ тілінде, қазақ сынып оқушылары орыс және ағылшын тілінде тақпақтарын айтуда.

“Тіл-ұлттың жаны”
Мектебімізде тілдер апталығы басталды.
Оқушылардың ана тілге деген құрметін арттырып, өзге тілдерді меңгерту басты мақсат.

Ұстаздар мен оқушылар ұйымдастырылған ойындарға белсене қатысып өз сыйлықтарын алды. Әр ойын мақал-мәтел, тапсырма орындау, жұмбақ шешу, өлең жолдарын жатқа айтып беру секілді тілді дамытушы тапсырмаларынан тұрды. Жауап бере алған адамға ұлттық сусынымыз қымыздан басталып, құрт, бауырсақ, ірімшік, шоколад т.б дәм татулар ұсынылды.

Оқушылардың арманын, өскенде қай мамандықты таңдайтынын сұрап өздерінің үлкейген кездегі бейнелерін ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТ арқылы жасап көрсеткен.
Әр баланың өз ішкі әлемі бар, өзінің қиялы бар. Мамандықтың барлығы жақсы, жаман мамандық жоқ.
Мақсат: оқушыларға мотивация беріп болашаққа ұмтылдыру. Бәрінің де армандары оңынан орындалсын.

Жас-Дарын 3 мектебінің оқушылары Түркістан қаласында өткен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ сайыстан жүлделі орындармен оралды. Жарайсыңдар✊🏻✊🏻✊🏻. Тек биіктен көрініңдер.

“Күз сыйы” күз көрмесінің бағалау нәтижесі бойынша аталған сыныптар алға шықты.
Барлық сыныптар ерекше дүниелер жасап әкелген.
Бірақ оқушылардың жасаған дүниелерін сөз арқылы, сөйлеу арқылы тақырыпты аша алуына, түсіндіріп беруіне аса назар аударылды.

⚜️Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-ана мен баланы біріктіре отырып күзгі тақырыпта отбасы біріге отырып түрлі дүниелерді жасап оны таныстыру басты мақсат. Керемет дүниелер жасалып, қиялдың шегі жоқтығы тағы да бір көрсетілді. Ата-аналардың еңбегі мен баланың қиялы біріккенде түрлі керемет дүниелер жасплыпты.

“Жас-Дарын 3” бастауыш мектебінде КҮЗГІ КӨРМЕ өтті. Мектеп директоры Рахымбаева Әсел Аманбекқызы көрмені бақылап, бағалаушыларымен бірге әр баланың жасаған жұмысымен таныстыруына, баланың сөйлеуіне, ойын ашық жеткізуіне ықпал жасап барша жұмыстарды көріп шықты.

⚜️Біртұтас тәрбие⚜️

Күзгі көрменің негізгі мақсаты:
☝🏻Ата-ана мен баланың қарым-қатынасын жақындату, біріктіру.
⭐️Ата-ананың көмегімен баланың қиялын дамыту, қиялын іске асыра отырып баланың қолынан іс келетініне сендіру.
⭐️Бала ата-анамен жасаған дүниесін таныстырып, ойын толық жеткізе алуы баланың сөзді жүйелеуіне көмектеседі.
⭐️Балалар өз ойларын жеткізе отырып жүйелі сөйлеуге, ойын толық жеткізуге, қоғамда бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас орнатуға дағдылануы үлкен өмірге басар қадамының алғашқы баспалдағы.

Мектебіміздің МОБИЛЬДІ КІТАПХАНАСЫНДА ертегілердің сан түрі бар. Балалар ГАДЖЕТКЕ бейімделген заманда ГАДЖЕТТІ баланың дұрыс дамуына қызмет етсе деген ниетпен жасалған керемет шынайы ертегі кітаптары мен бірге телефон арқылы ертегісін көріп тамашалай алады.
Мақсаты:ертегі кітаптарына жойылып жатқан қызығушылықты ояту. Ертегі баланың қиялын дамытып, ойлау қабілетін арттырады. Бала ертегіні айтып бергенде сөзді жүйелеп сөйлеп, ойын толық жеткізуге дағдылайды. Балаға ертегі көп оқып, оқытып, және айтуына ықпал жасған абзал.

Өтілген әріптерді қайталау, сөз құрау, буынға бөлу, дауыссыз және дауысты дыбыстарды ажыратуды ойната отырып қайталату әдістері.

Жас-Дарын 3 бастауыш мектебінің директоры Рахымбаева Әсел Аманбекқызы мектеп ұстаздарын “Ұстаздар мерекесімен” құттықтап алғыс хатпен марапаттады.

Ұстазды құрметтеген нағыз жанашыр, әділ, профессионал басшы өз басшылығындағы ұжымдастарының РУХЫН көтеріп, нағыз мерекелік көңіл күй сыйлады. Мектеп директоры ұстаздарын құттықтап қарсы алған ерекше керемет көрініс болды🙌🏻👏👍

Оқушылардың бір біріне достық қарым қатнасын күшейту

“Жас-Дарын 3” мектеп басшылығымен ұйымдастырылған БІРТҰТАС ТӘРБИЕ жобасын жүзеге асыру аясында ұлттық құндылықты негізге ала отырып
ӘКЕ МЕН БАЛА қарым-қатынасын жақындастыру және ата-ана мен мектеп қарым-қатынасын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған сайысында ұлттық ойын түрлері ойнатылды. Соның бірі ҚОЛ КҮРЕС сайсынан үзінді.

Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу–барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз–жасұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

4-сынып оқушыларымыз бастауышпен қоштасу сәтінен.
Сәттілік серіктерің болсын!

Жас-Дарын 3 мектебінің 4-сынып оқушыларының аналарына арнаған өнерлері.

Жас-Дарын 3 мектебінің бастауыш сынып бітірушілері.

Жас Дарын-3 бастауыш мектебінің оқушыларының би үзіндісі.

Мектеп алды даярлық тобының әкелеріне құрметі.

Жас Дарын-3 бастауыш мектебінің әкелеріне арналған іс-шара. Әкелеріміздің отбасындағы және бала тәрбиесіндегі орны бөлек. Сондықтан да мектеп директоры Әсел Аманбекқызының басшылығымен ұпрақ тәрбиесіне әкелердің де белсене қатысып, баланың мектептегі өнеріне де белсене қатысуларына ықпал етіп мектеімізде арнайы Әкелер клубын ұйымдастырып, Әкешім Менің Асқар Тау атты Іс-шарасы ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы мен ұстаздарымыздың еңбектерін бағалап алғысын жаударған әкелеріміз әрдайым абыройлы,қайратты,сабырлы белсенді болуына тілектеспіз. Сіздердің өскелең ұрпаққа берер тәрбиелеріңіздің маңызы зор.

2-сынып оқушылары. «Ұлы Отан соғысы» тақырыбында тәрбие сағатынан үзінді. Елім,жерім деп көкірегін оққа тосқан ер батырымызға алғысымыз шексіз. Осы батырларымыздың ерлігі басымызға бейбіт заман берген. БЬейбіт заманда-бейбіт өмір сүрейік. Бейбітшілік пен тыныштықтың қадірін балаларымызға ұғындыра білейік.

2-сынып оқушылары. Отанқорғаушылар күніне арналған тәрбие сағатынан үзінді.

«Жас Дарын-3» командасы «Арманс» командасымен жолдастықкездесу өткізу сәтінен үзінді. Оқушыларға тәжірибе жинақтау мақсатында осы команда үшін оқушылар өте жақсы нәтиже көрсетіп қызықты ойын өтті. Келесі ойындарда керемет нәтижелер болады деген сенімдеміз.

9-Мамыр-Жеңіс күні! Жер бетінде ешқащаг соғыс болмасын! Аспанымыз ашық, ел іші аман, бейбітшілік заман болсын!

Мамыр-Жеңіс күні-ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі. Мереке құтты болсын! Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!

Жас Дарын-3 бастауыш мектебінің 2-сынып оқушыларының керемет өнерінен үзінді. Жеңіс күні мерекесі қарсаңында көрсеткен өнерлері өте керемет сезім ұялатты.

Құрметті ұстаздар!

Сіздердің еңбектеріңіз өте көп.

Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес осы еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Тек алғыс естіңіздер. Білім деңгейі төмендемесін деп жұмыс уаққытынан тыс қалып дайындалып, таңғы 7 де келіп дайындалып жасаған еңбектеріңізге мың алғыс.

Отан қорғаушы ұлдарымыз

ЕРКІН

БАТЫР

ЕРЖҮРЕК

ҚАЙСАР

БАТЫЛ болып өсуіне сеніміміз мол.

«Жас Дарын-3» бастауыш мектеп ұжымының ер-азаматтары мерекелеріңіз құтты болсын!

Қазақ деп соғар жүрегі,

Отанын ойлар үнемі.

Елі үшін қызмет қып,

Тынбай әркез жүреді.

Ұжымды бір-біріңізге сый-құрметтеріңіз өсе түссін!

Еліміздің қорғаны-ер азаматтар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Ұжымның күші мен қайраты өздеріңізсіздер.

1-сынып оқушылары. Ана тілі сабағында оқушылардың ойлау, жылдам әрекет ету ,жылдам жауап беру қасиеттерін дамыту мақсатында берілетін түрлі әдістермен жұмыс жасау сәтінен үзінді.

Түсті сұраныш-LEGO Mindstorms EV3 Education базалық жиынтығына арналған стандартты робот үлгісі.Сұрыптау білім беру робототехникасындағы типтік тапсырма. Робот-автоматтандырылған конвейер желісі. Түсті анықтау үшін дизайнға енгізілген сәйкес сенсор қолданылады.

1-сынып оқушыларының сабақ өту сәтінен үзінді.

Ғарышкерлер күніне өтілген ашық сабақ өте танымды және қызықты болды.

«Жас Дарын-3» бастауыш мектеп оқушылары арасында ержігіттердің бойынан ержүректі ояту мақсатында ,әр ер бала өзінің бойындағы күшін сезініп дұрыс бағытта қолануына бағыттау мақсатында күрес ұйымдастырылды.Ұлдарымыз бойындағы күш-жігерін бірлікке салып ,бойларындағы булаған күш пен энергияны дұрыс бағытқа жұмсап бір сергіп қалды

# Жас Дарын-3 бастауыш мектебі.

Робототехника заман талабы. Өскелең ұрпақ дамыған заманда өз орнын тауып ,тұлға болып қалыптасуына қазіргі алған білімі өте үлкен әсерін береді. Болашақта пайдалы роботтар жасап шығаратын білімді ұрпағымыз дамысын деген ниеттеміз.

Оқушылардың ұйқысын ашып ұйқы ашар жаттығуын жасатып, сабаққа белсендіру сәті.

Жас Дарын-3 бастауыш мектебі 1-сыныпқа оқушылар қабылдайды.

Жас Дарын-3 бастауыш мектебінің оқушыларын тегін бокс үйірмесіне шақырамыз.

Жас Дарын-3 бастауыш мектебі.

Ата-ана пікірі. Жақсы көргенін айтады. Мектебіміздің жақсы тұстарын айтып ұнағандықтан баласын мектеп тәрбиесіне тапсырып жүрген ата-аналарымыз көп болғай.

02.02.2024 Бракеражды комиссия мектеп асханасына оқушыларға берілетін ыстық тамақ сапасы және асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын бақылау мақсатында жүргізілді.

Жас Дарын-3 бастауыш мектебі 1 сынып және 4 сынып аралығында оқушылар қабылдайды.

Тәрбие мен білімді қатар жүргізген бірегей мектеп.

Жас Дарын-3 бастауыш мектебінің оқушыларына ұлдарға арналған тегін футбол үйірмесі жұмыс жасайды. Оқушыны біліммен қатар жан-жақты дамуына ықпал ету мақсатымыз. Бәсекеге қабілетті жан-жақты ұрпақ тәрбиелеуге бірігіп атсалысайық құрметті ата-аналар.

Арқан тартыс ұлттық ойыны. Наурыз мерексіне ұлттық спорт ойындары ойнатылып «Жас-Дарын-3» мектебінде нағыз қазақи құндылықтар дәріптелде.

«Жас Дарын-3» бастауыш мектебінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған іс-шарадан үзінді.

ЗЕРДЕ Республикалық зерттеу жобалары мен шығамашылық жұмыстар конкурсынан. «Жас-Дарын-3» бастауыш мектебінің оқушысы Үшқара Мадияр ІІ орын иеленді.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс әрекеттерін арттырып ,оқытудың тиімдігіне қол жеткізіп, ойлау қабілетін ,шығармашылық әрекетін белсендіру мақсатында өзіңді тексер тест тапсырмасын орындау барысында ең жоғарғы нәтиже көрсеткен оқушыларымызды ынталандыру мақсатында марапаттау сәтінен үзінді .

Дзюдо спорт үйірмесінің оқушылар арасында өткен сайысынан үзінді. Өзіне деген сенімділік пен дененің шымыр болуына септігін тигізетін Дзюдо спорт түрінің оқушыға берер пайдасы мол . Әр бала өзін қорғауды білу тиіс.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебінің әкелер клубы. Әкелер бірлескенде алынбас қамал жоқ. Мектебіміздің белсенді әкелерінен құралған клубы.

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне мектеп оқушыларынан аналарға арнауы.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі. Цирк көрмесінен үзінді.

Алғыс айту күні.

Осындай ата-аналардың барына мың алғыс. Еңбектің қадірін,ұстаздың ұлылығын,білім ордасының қасиетін түсінген ата-аналарымызға мың алғыс.

Алғыс айту парызым деп өскен жас ұрпақтан күтер үміт көп.

1 сынып оқушыларынан ашық сабақ.

Алғыс айту күні.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі Би үйірмесі. Қыздарды икемділікке ,әсемілікке тәрбиелейтін би үйірмесі «Жас-Дарын-3» мектебініңқыарына тегін.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі. Гимнастика маманы мектебіміздің гимнастика үйірмесінде оқушылардың ептілігін ,икемділігін арттыруда.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебінде уақытылы өтіп тұратын кезекті БРАКЕРАЖДЫ КОМИССИЯ тексеру сәтінен үзінді.

Ата-аналарды марапаттау сәтінен.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебінде ата-аналар ұлттық нақышта киініп,семинар өткізілді.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебінде «Дзюдо» үйірмесі.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебінің 3-4 сынып оқушылар арасында робот құрастыру сайысы.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебінің семинары.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі.Педагог-психолог маманы оқушылардың психоэмоциалды күйін, оқушының отбасылық қарым-қатынасын ,бойындағы қабілетін бақылап , қажет болған жағдайда түзету дамыту жұмыстарын жүргізеді. Психиатр-Психотерапевтр мамандарымен шатастырмаған дұрыс.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі.

Табиғи және техногенді апаттар кезінде,төтенше жағдай орын алған сәттерде әр бала өз өмірінің қауіпсіздік ережелерін білу қажет. Мектеп директорының ұйымдастыруы бойынша ,әр оқушыға түсіндірме жұмысын ауызша айтқаннан бала толық қабылдамауы мүмкіндігін ескере отырып, көрсету арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді .Оқушылар белсене қатысып өз сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап алды.

https://youtube.com/watch?v=s2wr_MTuGRI

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі , логопедтің жұмысы

https://youtube.com/watch?v=bRlamrKsRTY

Жас-Дарын-3 бастауыш мектебінде, өрт қауіпсіздігі және жер сілкінісі кезінде адам өзін дұрыс ұстауы ,қорқынышқа бой алдырмай дұрыс әрекет етуі бойынша жұмыс жүргізілді . Адам өмірі басты құндылық.

https://youtube.com/watch?v=WO3EBwFIqms

«Жас-журналист» жобасы 6-қатысушы. Абдашим Айсұлтан .1 в сынып оқушысы.

«Жас-журналист» жобасы 17-қатысушы. Аманбалаев Аңсар . 2 а сынып оқушысы.

«Жас-журналист» жобасы 8-қатысушы. Мухаммадали Ясина . 1 Ә сынып оқушысы.

«Жас-журналист» жобасы 7-қатысушы. Рашид Көркем . 2 Б сынып оқушысы.

«Жас-журналист» жобасы 4-қатысушы. Нұрымжан Ерасыл . 3 Ғ сынып оқушысы.

«Жас-журналист» жобасы 5-қатысушы. Рустамова Рисолат . 3 В сынып оқушысы.

«Жас-журналист» жобасы 2-қатысушы. Есжан Ақбота . 3 Ғ сынып оқушысы.

«Жас-журналист» жобасы 2-қатысушы. Аманбек Елнұр. 4 А сынып оқушысы.

«Жас -Дарын-3» бастауыш мектебінің ұтаздары арасында «Үздік педагог» сайысы өтті .Ұстаздарымыз білімі мен біліктілігін көрсетіп сайыста жеңісті орындарға ие болды .

«Жас журналист» 1-қатысушы. Назаркулова Севгина. 1 «З» сынып оқушысы.

АКТ пәнінен ашық сабақ. Оқушыларды топтаса жұмыс жасауға дағдылап ,жаңа заман талабына сай білімді игеруіне бағыттау.

«Мамандығым мақтанышым » атты жас мамандар арасындағы сайыс

«Оқушылар қауіпсіздігіжүру ережесі » тақырыбында ұлдар жиналысы өтілді . Жиналыста ұлдарға жол қауіпсіздігі мен бөгде адамдармен қарым-қатынас қауіптілігі мен мектеп ішіндегі тәртіпке байланысты түсіндірме жұмыстар жүргізілді .

Қыздар жиналысы «қыз баланың жеке гигиенасы » тақырыбында.қыз баланың денсаулығы ,жеке гигиенасы,өзге адамдармен қарым-қатынасы , бөгде адамның қауыптілігі,өзіне деген сенімділігі мәселелері талқыланып ,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі . «Алтын сақа » олимпиадасынан жеңімпаз жетекші ұстазымыз бен оқушымыз.Жеңіс құтты болсын!

Мүмкін бұл сіздің балаңыз? Байқау.!!! Жас-Дарын-3 бастауыш мектебі оқушылардың арасында «Жас журналист 2024 «байқауын ұйымдастырды.Байқау шарты оқушының журналисттік бағытта жүргізген кез келген материалын ұйымдастырушы тарапқа жүктеу керек. Әдеттегідей ,сапалы шыққан материалдар осы парақшада жарық көреді. Толық ақпаратты оқушының сынып жетекшісінен біле аласыздар!!!

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі . 2 сынып оқушылары .

3 сынып орыс тобы.Математика пәнінен ашық сабақ.

«Жас-Дарын-3″ бастауыш мектебі 2″А» сыныбы. Оқушыларды сабақ арасында бір сергітіп ерекше қуаныш сезімін сездірту мақсатында ұйымдастырылған тренд.

«Жас мамандар мен тәлімгерлер» арасындағы ынтымақтастық атты дөңгелек үстел. Мақсаты: Жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін арттыру және теориялық білімдерін жетілдіру . Ізденіс жұмысына ,ғылыми іс-әрекетіне педагогтар ұжымы мүшелерінің шығармашылығы мен ықыласын ынталандыру . Мұғалім құзіреттілігін дамытуда жүзеге асыру .Оқу тәрбие үрдісіне қазіргі түрлі әдістер мен формаларды ,амалдар мен жаңа технологияларды қолдана отырып мұғалімдердің көшбасшылық қасиетін ұштау.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі . 1 сынып оқушылары . Ана тілі сабағынан үзінді.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі 2 сынып оқушылары . Логикалық математика сабағы

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі 3 сынып . Математика пәнінен ашық сабақ .

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі . Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы 514 бұйрығына сүйене отырып, «Akberen Education»- Ақберен республикалық танымдық шығармашылық журналы Республикалық «Ілияс оқулары » конкурсына қатысып орын алған оқушылырды марапаттау. Мақсатымыз :Бала өзі жетістікке жетуге болатынын түсініп ,жетістікке жетуге болатынын түсініп ,жетістіктен соң марапатын сезініп , өзін ұстау мәнерін қалыптастыру .

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі.1 сынып оқушылары . Ана тілі сабағынан үзінді.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі Республикалық «Тәуелсіздік дарыны» сайысына қатысып І дәрежелі диппломмен , төс белгімен куәлікпен марапатталған мектебіміздің оқушылары , ата-аналары ,және жетекші ұстаздарымыз . Жарайсыздар тек алға ,марапаттарыңыз құтты болсын!

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі МАТЕМАТИКА апталығының ашылуынан үзінді.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебі . 2- сынып оқушыларының жаратылыстану сабағынан үзінді.

Құрметті Рахымбаева Әсел Аманбекқызы сізді адал еңбегіңіз бен сапалы жұмысыңыздың нәтижесі .Биік белестерді бағындырып керемет жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз.

Мектебімізде өткен семинар «Оңтүстік» телеарнасы жаңалықтар бөлімінен орын алды . Тек жақсылық болсын! Жақсыны кқрмекке демекші сіздермен бөлсуді жөн көрдік . Ұлттық құндылығымызды жаңғыртып,оқушылырымыздың бойына сіңіріп өсіру мақсатымыз. Бұл семинар мектеп пен отбасының арасын нығайтып ортақ мақсат-оқушыларды білім мен дамуға баулу . мектебімізде өткен семинарда оқушыларымыз игерген үйірмелерінен нәтижелерін көрсетті ,оқуға құштар жобасы аясында ертегілерін қойды,бойындағы өнерлерін көрсетіп көпшіліктің алдында шыңдала түсті. Мектептің әр-ісшарасы оқушыны көпшілікке ,еркіндікке,көпшілік алдында білгенін еркін сөйлеп,еркін өнерін көрсетуге көмектеседі.

Егемен елімізідің ұлық мерекесі -Тәуелсіздік күні құтты болсын ! Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл-біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз.

Баға жетпес байлығымыз -Тәуелсіздік күні құтты болсын!

16 желтоқсан -Қазақ елінің әрбір азаматы үшін ең маңызды күн.Себебі 32 жыл бұрын дәл осы күні күллі әлем Қазақстан Республикасын дербес мемлекет ретінде таныды.Осыған орай 2 және 3 сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді .

Тәуелсіздік күні — 32 жыл.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебінің оқушылары Менталды арифметикадан Дубай каласында (БАЭ)Халыкаралык олимпиада жарысында, сынып жетекшісі Фарида Аликовнанын 3 «В» сынып окушылары Базарбеков Байел және Алиев Абальфаз 3 орынга иеленип келді.

Қазақстанда бірінші наурыз тек көктемнің басталуы ғана емес, бұл күні біз “Алғыс айту күні” — де атап өтеміз! 2016 жылы мереке Тұңғыш Президенттің бастамасымен қабылданды. «Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігі, достығы мен сүйіспеншілігінің жарқын мерекесіне айналуына сенімдімін» — H.Назарбаев. Осы жарқын және жақсы мерекеде ең алдымен “Жас-Дарын-3” бастауыш мектебінде, бізбен бірге болып жүрген ұстаздарымызға, ата-аналарымызға, кішкентай балапандарымызға алғыс білдіреміз!

https://youtu.be/frBWOQJcHsQ

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебіміздің 1 «М» сынып оқушысы Хурматуллаева Рахима Астана қаласында өткен «Северное Сияние» турнирында 2 ші орын иеленіп келді.

«Жас-Дарын-3» бастауыш мектебіміздің оқушылары Шымкент қаласында өткен Халықаралық конкурстық жоба festival.kz Жаңа Шығармашылық маусым 2023 турнирында

🏆Гран-При

🥈орынды иеленді!!!!!!!!!

Оқушыларды дайындаған Хореография жетекшісі Турсынбаева Назым Жаркынбаевна ұстазға мың алғыс.

«Жас Дарын-3» бастауыш мектебінде 3-4 сынып оқушыларға Алтын сақа олимпиадасының мектепшілік кезең өткізілді. Балалар өз білімдерін шыңдауда.

ghiuyyuyurtf