
Мектебімізде 2025 жылдың 10 ақпан күні бастауыш пән мұғалімі Байзбаева Альбина Нурлыбеккизи «Білім шыңының баспалдағы» атты онкүндігінде 2 «Ғ» сынып оқушылары мен математика пәні бойынша ашық сабақ өткіздім.Ашық сабақтың тақырыбы «Монеталармен қағаз ақшалар». Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күнделікті өмірде 50 тг, 100 тг, 200 тг монеталарын және 500 теңгелік қағаз ақшаны тиімді пайдалану арқылы қарапайым төлемдер мен есептеулер жасау дағдыларын қалыптастыру. Оларды монеталар мен қағаз ақшалар арқылы әртүрлі сомаларды жинақтап, дұрыс есептеп, төлем жасауға үйретуге, қаржылық сауаттылықты дамыту.Бұл мақсата оқушыларды қаржы құралдарын тиімді пайдалануға, нақты өмірде есептеулер жасауға, ақша санауды үйретуге бағытталған. Оқушылар «Ою өрнек» әдісі арқылы топқа бөлінді. Үй тапсырмасын «Допты лақтыру» әдісі бойынша көбейту кестесін сұрадым. Балаларға тақырыпты ашу кезінде «Пазл әдісі» арқылы сұрақтар жауап беріп тақырыпты аштық. Ұлттық құндылықтарды ғасырлар бойы атадан балаға миракс болып келе жатқан адамгершілікті қағидакттары «Асық әуені» сергіту сәтін қолданылды.«Теңге салу» әдісімен балалар есеп шығарды. «Домбыра » әдісі арқылы бағалау, «Кім тапқыр?» әдіс тәсілдері өз дәрежесінде қолданылды.Сабақтың соңында «Білім қоржыны» әдісі бойынша кері байланыс жасалынды.