Дзюдо

Жас Дарын-3 бастауыш мектебінің ұлдары арасында эстафеталық сайыс. Мақсаты: ұлдарды спортқа баулу.Жылдамдық пен ептілікке дағдылау. Командамен бірлесіп іс атқаруға үйрету.

Дзюдо спорт үйірмесінің оқушылар арасында өткен сайысынан үзінді. Өзіне деген сенімділік пен дененің шымыр болуына септігін тигізетін Дзюдо спорт түрінің оқушыға берер пайдасы мол . Әр бала өзін қорғауды білу тиіс.

Әр спорт баланы физикалық және психологиялық тұрғыда өсіреді. Дзюдо спорт түрі балаңызды өзінің күш жігеріне сенуіне ықпалы зор. Егер сіз балаңыздың бойынан ерекше күш байқасаңыз осы бағытта жолдағаныңыз дұрыс. Егерде балаңыздан енжарлық пен қорқақтық байқасаңыз оны да жекпе-жек спорттүрлеріне бергеніңіз жөн. Баланың сенімділігін өсіру өмірдегі басты құндылықтардың бірі.