
«Тәрбие-тәлім, өнер мен білім-баланың қос қанаты» іс- шарасы.
21.11.2025 күні мектебімізде ұзартылған күн тобында білім алатын 1-сынып оқушыларының қатысуымен ата-аналарға арнап концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шара мақсаты, балаға тәрбие мен білімді қатар үйретіп, ата-ана, ұстаз және бала арасындағы қарым-қатынасты күшейту. Іс-шара арқылы балалардың өнерін көрсетіп бәсекеге қабілетті бүлдіршіндерді тәрбиелеу.


Бүгін мектебімізде Тұран аудандық полиция бөлімінің қызметкері, ДТІЖО, мектеп Психологы мен Медбикесі оқушылармен арнайы кездесу өткізіп, “Жол қауіпсіздігі”, “Булинг” және “Кибербулинг” және “Жеке бас гигиенасы”тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


“Жігіт сұлтаны – 2025” байқауы өтті!
Бүгін біздің мектебіміз нағыз дарынды, өнерлі, тәртіпті жас жігіттердің басын қосты. Оқушылар өз білімін, өнерін, батылдығы мен тапқырлығын көрсетіп, ерекше атмосфера сыйлады. Байқауға қатысқан әрбір шәкіртімізге зор алғыс! Олар сахнада өз талантын танытып қана қоймай, үлгі боларлық тәрбиесін көрсетті. Бұл күн – ұмытылмас эмоциялар, жарқын сәттер мен қуанышқа толы болды.


«Ертегілер елінде» жобасы бастау алды!
1-сынып оқушыларына арналған бұл ерекше жоба — әке мен баланың жылы қарым-қатынасын нығайтып, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған. Жобаның шарты:
Оқушы мен әкесі бірге ертегі оқып немесе әке ертегі айтып отырған сәтті сапалы бейнежазбаға түсіреді. Видеоролик қазақы нақышта безендіріліп, ертегі тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс.


«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында өтілетін «Күзгі асар» жәрмеңкесінің
Ісшараның өткізілу мақсаты – оқушыларының күз мезгілі жайлы танымын арттыру. Ұстаз, оқушы, ата-ана арасындағы тығыз байланысты күшейту. Ата ананың мектеп ішіндегі іс-шараға белсене қатысуын қадағалай отырып балалардың бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастыру.


Республика күні – елдік пен еркіндіктің, бірлік пен берекенің мерекесі.
Бұл күн – азаттығын арман еткен ата-бабамыздың рухына тағзым, тәуелсіз елдің ұрпағы екенімізге мақтаныш. Біз – бейбіт өмірдің бағасын білетін, ел болашағын біліммен, еңбегімен нұрландыратын ұрпақпыз.


25 қазан — Республика күніне орай
25 қазан — Республика күніне орай, 2-4 сыныптар арасында ұйымдастырылған “Мәңгілік жаса, Қазақстан”,- атты дойбы ойынынан мектепішілік жарыс


«Күз ханшайымы – 2025» сәндік дефиле
Алтын күздің шуақты күнінде мектебімізде 3–4 сынып оқушылары арасында дәстүрлі “Күз ханшайымы” сәндік дефиле іс-шарасы өтті! Бұл күн әсемдік пен шаттыққа, жылы күлкі мен жарқын эмоцияларға толы болды. Бүлдіршіндеріміз күз тақырыбындағы ерекше сән үлгілерін паш етіп, өз өнерлері мен сахна мәдениетін көрсетті. Әр ханшайым сахна төрінде нұр шашып, нәзіктігі мен талғамын танытты. Көрермендер кішкентай қатысушылардың талпынысына, батылдығына және жарқын бейнелеріне сүйсіне қол соқты. ![]()
Іс-шара оқушыларға өз-өзіне сенімді болуға, сахнада еркін өнер көрсетуге және эстетикалық талғамын дамытуға үлкен мүмкіндік берді.


Бүгін біз үшін ерекше күн — білімнің бастау бұлағы саналатын Бастауыш апталығының ашылу салтанаты өтті! Бұл аптада түрлі қызықты шаралар, ойындар мен сабақтар өтеді. Бастауыш — үлкен жолдың алғашқы баспалдағы!


“АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУШІ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ, ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП”
тақырыбында ата-аналар жиналысы.


Сіздерді ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Білімнің шамын жағып, жас ұрпақтың жүрегіне ізгілік пен парасат дәнін еккен еңбектеріңіз — ұлт болашағына қосқан баға жетпес үлес.Сіздің әрбір сабағыңыз – бала арманына бастар жол, әрбір сөзіңіз – жүректерге шырақ, әрбір қамқорлығыңыз – үлкен өмірге сенімді қадам!


“7 атаңды жатқа біл!” — Ұлттық құндылықты ұлықтаған бастама
Мектебімізде жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, ата-бабамызды құрметтеуге баулу мақсатында “7 атаңды жатқа біл” атты жоба ұйымдастырылды. Бұл бастама арқылы оқушылар өз шежіресін танып, тегін тануға, үлкенді құрметтеп, ұлт тарихына тереңірек үңілуге мүмкіндік алды.


Бүгін мектебімізде Тұран аудандық полиция бөлімінің қызметкері, ДТІЖО, мектеп Психологы мен Медбикесі оқушылармен арнайы кездесу өткізіп, “Жол қауіпсіздігі”, “Булинг” және “Кибербулинг” және “Жеке бас гигиенасы”тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Тілім менің – тірлігімнің айғағы! ![]()
Бүгін – Қазақстан халқы тілдері күні!
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке – әр ұлттың өз тіліне деген құрметі мен бауырластығының белгісі.