“Жас-Дарын” және “Жас-Дарын 3” бастауыш мектептері арасында
ШАХМАТТАН достық сайыс өтті! Шахмат – тек ойын ғана емес,
ол – ойлау қабілетін дамытатын, шыдамдылық пен сабырлылықты қажет ететін өнер.
Балалар бұл сайысқа үлкен дайындықпен келді. Әрбір жүріс – терең ойдың, есептің және стратегияның нәтижесі.


Шахматтан мектепішілік сайыс – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, тәртіпке, шыдамдылыққа және зейін қоюға ықпал етеді. Осындай форматтағы іс-шара мектепте шахматқа деген қызығушылықты арттырып, оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтады.

Шахмат-ақыл-ой ойыны .
