Шымкентте «Жас дарын-3» бастауыш мектебінде  алғашқы қоңырау соғылды. Биыл 153 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап отыр. Мұнда оқу сапасымен бірге балалардың денсаулығына да ерекше көңіл бөлінеді. Себебі оқушыларға арналған тұзды бөлме жұмыс істейді. Бұл – мектептің басты ерекшелігіде осы да. Бүгінде  «Жас дарын-3» бастауыш мектебі – бүлдіршіндер үшін алғашқы білімнің алтын қақпасы ғана емес, дарынды ұрпақтың қалыптасар ордасына айналып отыр. Биыл мектеп табалдырығын аттаған 153 балаға арналып «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.Мерекелік кеште бүлдіршіндер ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ мектеп директорының  айтуынша, жаңа оқу жылы қызу қарқынмен басталып отыр.

Салтанатты шарада шаттық пен қуаныш қатар өрілді. Бірі қолына гүлін ұстаса, енді бірі алғашқы сөмкесін асынып, мектепке асыққан бүлдіршіндер көз қуанышына айналды. Ал, баласын алғаш мектепке жетектеп әкелген ата-аналардың толқынысын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Олар үшін бұл күн — баласының үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамының куәсі болған ең қуанышты сәт.

«Жас дарын-3» бастауыш мектебінде балаларға барлық жағдай жасалған. Заманауи сыныптар мен ыңғайлы оқу ортасымен қатар, бұл білім ошағының басты ерекшеліктерінің бірі – тұзды бөлменің болуы. Тұзды терапия бөлмесі оқушылардың тыныс алу жүйесін жақсартып, денсаулығын нығайтуға арналған. Медицина қызметкерінің арнайы кестесі бойынша балалар айына екі рет кіріп, әр қабылдау 30 минутқа созылады. Бұл бөлме – жас жеткіншектердің иммунитетін көтеріп, суық тиюдің алдын алуға ықпал ететін тиімді мүмкіндік.

Балаларға жасалған барлық жағдай – ертеңгі елдің еңселі болашағына салынған берік іргетас екені сөзсіз. «Жас дарын-3» бастауыш мектебі осы міндетті абыроймен атқарып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде өз өрнегін қалдырары анық.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *