
«Жас Дарын 3» бастауыш мектебінде 2025 жылдың 5 ақпан күні бастауыш пән мұғалімі Серік Ақдана Нұрланқызы «Білім шыңының баспалдағы» атты онкүндігінде 1 «А» сынып оқушыларымен ана тілі пәні бойынша ашық сабақ өткізді.Ашық сабақтың тақырыбы «Буын.Отаным».Сабақтың мақсаты:Дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі,буын санын анықтайды.Оқушылар «Киіз үй» әдісі арқылы топқа бөлінді.Үй тапсырмасын «Гүл отырғызу» әдісі бойынша буындардан сөз құрап,сұрақтарға жауап берді.Сабақ барысында «Ребус» , «Пазл құрау», «Жебе» әдісі арқылы бағалау, «Кім тапқыр?» әдіс тәсілдері өз дәрежесінде қолданылды.Сабақтың соңында «Бағдаршам» әдісі бойынша кері байланыс жасалынды.Мұғалім өз мақсатына жетті.