Басшылық және менеджмент

                                 2022-2023 оқу жылына белгіленген мақсаттар мен міндеттер

Мақсаттары:

1. Мұғалімдердің зерттеушілік құзыреттіліктерін дамыту арқылы  сыныптағы оқыту сапасын жақсарту

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуына жағдай жасау және жеке тұлғаның дарындылығын дамыту;

Миссиясы: Әрбір баланың тумасынан қабілетті екеніне сенім білдіру, олардың даму әлеуеті мен қызығушылығын жоғары қоя отырып,  жоғары академиялық стандарттар  мен әлеуметтік белсенділікке  бірге  ұмтылу.

Мектеп ұстанатын құндылықтар:

-Біз үшін әрбір тұлға  өзінің барлық болмысымен құнды;

-Біз бәріміз жасымыз, ұлтымыз, нәслімізге қарамай теңбіз;

-Бізді мықты ететін ашықтық, әділдік, білім алушылардың қызығушылығын жоғары қою;

-Біз үшін әрбір білім алушының азаматтыққа, патриоттыққа, сауаттылыққа ұмтылуы басты парыз.

Мектеп мазмұнының  бейнекөрінісі:

-Мектебіміз білім беру философиясы, басқару стилі, көшбасшылық идеяларын ұстанатын ұйым ретінде биікке, алысқа нақты қадамдарын анықтайтын мақсаттарымен ұмтылады

-Әрбір мектеп  түлегі ХХІ ғасыр дағдыларымен өмірге аттанады.

— Әрбір мұғалім өзінің кәсіби өрлеу жолын анықтауға және өмір бойы дамытуға құзыретті.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға тиісті мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейде шеберлік пен дағды алуын қамтамасыз ету;
  2. Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
  3. Барлық пәндер бойынша негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін (сабақтастығы сақталады) қажетті жағдайлар жасай отырып, білім сапасын арттыру.
  4. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
  5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздеріне оқушылардың құрметпен қарауын қалыптастыру;

6. Білім беру процесі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, әлеуметтік кепілдіктерін сақтай отырып, жалпыға бірдей міндетті оқу заңын жүзеге асыру;                                                                                                                                          

7. Мұғалім мамандығының беделі мен абыройын көтеру;

8. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің, мектеп қызметкерлерінің оқу-тәрбие кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау;   

9. Оқушының жеке пәндерге деген қызығушылығын арттыру арқылы шығармашылыққа баулу және тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін ашу;

 Дарынды балалардың қабілетін дамытуға жол ашу арқылы қабілетті, дарынды балалардың тобын құру, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру (тәрбиелеу); дарынды оқушылардың қабілетін одан әрі дамыту мақсатында қала, облыс, республика көлемінде өткізілетін түрлі байқауларға, пән олимпиадаларына, жарыстарға қатыстыру;

  1.  Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты күшейту;
  2. Жеке тұлғаның өз-өзіне сенімділігін, өзін еркін ұстай білуін, өз құқығын қорғай білу біліктілігін тәрбиелеу.
  3.  Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

13.Мектепішілік тәрбие жұмысына ата-аналардың қатысуына қолдау жасау мақсатында педагогикалық ынтымақтастықтың тиімді  жүйесін  дамытуды қалыптастыру.

14. Дүниежүзілік өркениеттің талабына сәйкес дені сау, ұлттық сана сезімі қалыптасқан, рухани бай, ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, отансүйгіш, бойында жақсы игі қасиеттер қалыптасқан Қазақстан азаматы деген атаққа  лайық болуға  тәрбиелеу;

15. Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасына  көшуге байланысты бейіндік білім берудің   мазмұнын жаңарта отырып, ең озық әдістерді одан әрі меңгерту, білім беру ісінің  жаңартылуын басшылыққа ала отырып, оқыту мақсаттарына сәйкесмектептің даму бағдарламасын іске асыру;

16. Оқытудың және тәрбиенің қазіргі ғылыми негізделген әдістерін қолдану бойынша педагог қызметін бағыттау;

17. Сараптама және мониторинг орталығының жұмысын мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайын диагностикалауға бағыттау;

18. Мектеп бітірушілерінің мемлекеттік емтиханға қатысуын қамтамасыз ету, оған жан-жақты жағдай жасау;

19. Барлық пәндерде халықтық педагогиканы кеңінен насихаттау;

20. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында біліктілігін арттыру және жаңартылған білім мазмұны бойынша курстарын оқыту.

2022-2023 оқу жылындағы педагогикалық ұжымның  мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мына жұмыс бағыттарындағы нәтижелерде көрінуі тиіс:

1. Баланың мектеп және қоғам талаптарына бейімделуін іске асыру;

2. Негізгі және таңдау пәндері бойынша оқушылардың дайындық деңгейін жетілдіру, білім сапасын арттыру;

3. Кәсіби бағдар беру іс-шараларын жетілдіру;

4. Оқу жоспарының вариативті компонентінің (әсіресе, қолданбалы, таңдау курстарының) жүргізілу сапасына ерекше көңіл бөлу;

5. Үлгерімі төмен оқушылармен  жұмыстардың нәтижелілігін арттыру;

6. Оқу-тәрбие процесіндегі психологиялық сүйемелдеуді күшейту;

7. Оқушылардың ата-аналарымен байланысты күшейту;

8. Дарынды балалармен жеке жұмыс түрлерін жүйелеп жүргізу, іріктеу, дамыту жұмыстарын күшейту;

9. Білім сапасының  мониторингін жүргізу және талдау жұмыстарының сапасын арттыру;

10. Бастауыш және орта буын сыныптарындағы сабақтастықты күшейту,

11. Инклюзивті оқыту процесін қалыптастыру.

Мектеп директоры: Рахымбаева Әсел Аманбекқызы

   Лауазымдық міндеттері:

  • Білім беру ұйымының қызметін мекеме жарғысына сәйкес мектептің барлық бағыттағы қызметін жүзеге асырады;
  • мектеп педагогикалық кеңесімен бірге мектептің болашақ бағдарламасының мақсатын және даму бағытын анықтайды, оның бағдарламалық жоспары туралы шешім қабылдайды;
  • мекеме даму бағдарламаларының атқарылуын, білім алатын бағдарламаларды, оқу жоспарларын, қосымша сабақтарды, жылдық күнтізбелік оқу кестелерін, Жарғыны және мектептің ішікі тәртібі ережелерін және мектептің және басқа оқулық-әдістемелік құжаттарын үйлестіреді, бекітеді, бақылайды;
  • жоғары тұрған органдармен келісу арқылы мектепті басқару құрылымын, штаттық кестені анықтайды.
  • оқу — әдістемелік, қаражаттық әкімшілік және басқа мектеп қызметінің барысындағы сұрақтарды шешеді.
  • педагогикалық ұжым және өзге де мектеп қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді және бақылайды.
  • жұмысқа қабылдау және кадрлардың орналастырылуын жүзеге асырады.
  • қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтайды, кәсіпкерлік деңгейлерін жоғарылатуға жағдай жасайды.
  • Жарғыға сәйкес мектеп қызметкерлерінің лауазымды еңбекақы мөлшерлеріне үстемелер және қосымша төлеулерді қосуды анықтайды.
  • оқушылардың сабақ кестесін, қызметкерлердің жұмыс графиктерін,  педагогикалық жүктемесін, тарификациялық тізімдемесін және демалыс кестелерін бекітеді.
  • қызметкерлердің шығармашылық ынтасын көтереді және ынталандырады, ұжымда қолайлы адамгершілік-психологиялық ахуалды сақтайды.
  • «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекемесінің типтік жағдайына» сәйкес оқушылар контингентін қалыптастырады. Әлеуметтік қорғану және оқушы құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.
  • мектепті мемлекеттік тіркеу, білім қызметін лицензиялау мемлекеттік іскерлік сараптау және мектеп аккредитациясын жүзеге асырады.
  • мектеп қызметкерлерінің денсаулығын нығайту және қорғау мақсатында қоғамдық қоректену ұйымдары бөлімшелерінің және дәрігерлік  қызмет жұмысын бақылауды жүзеге асырады.
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен, қоғаммен және ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) нәтижелі әрекеттестік және іскер ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.
  • білім алу процесін, қосымша әдістемелік дамуды үйлестіреді, әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдік (педагогикалық) ұйымдардың шығармашылық қызметіне көмектеседі.
  • мектеп педагогикалық  кеңесі қызметіне басшылық етеді.
  • қоғамдық  (балалар және жастар ) ұйымдарының қызметтерін үйлестіреді.
  • ұжымдық келісім-шарттың орындалуын қамтамсыз етеді.
  • бюджет, сонымен қатар басқа  көздермен түскен құжаттардың дұрыс жасалуын қамтамасыз етеді
  • жыл сайын түскен және жұмсалған қаражаттар туралы жылдық есеп даярлайды.
  • мемлекеттік, жергілікті, қоғам және басқа органдарда, ұйымдарда мекемелерде мектептің атынан жауап бере алады;
  • оқу-материалдық базаны толықтыруды, оның сақталуын,  мұрағаттық құжаттардың сақталуын, іс жүргізу жұмыстарын, бухгалтерлік есептерді, статистикалық есептерді басқаруды қадағалауға міндетті;
  • тұлжетім және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жәрдемақыларын тағайындау жөніндегі жұмысты белгіленген ретте ұйымдастырады;
  • инклюзивті оқу бағдарламасы бойынша жұмысты ұйымдастыруды бақылауға алады;
  • білім процесін «Еңбек туралы»  Заңға, салааралық және ведомостволық нормативті құжаттарға, актілерге және мектеп жарғысына сәйкес  іске асырады;
  • педагогикалық ұжымның лауазымын,  міндетін, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуін бекітеді;
  • жарты жыл сайын қызметкерлердің алдында мектептің күй-жағдайы, оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығын жақсарту шаралары, білім процесін жақсарту, кемшіліктерді жою туралы есеп береді;
  • қызметкерлер және оқушыларды диспансерлеудің дер кезінде өткізілуін бақылайды;
  • жаңа оқу жылына мектепке қабылдайтын комиссиялардың жұмысын реттеуді ұйымдастырады.
  • еңбек қауіпсіздігінің, нұсқаулық және нормативті құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді, басқару органдарының мемлекеттік қадағалауының, еңбек техникалық тексерулердің орындалуын қамтамасыз етеді.
  • кез келген жазатайым жағдайлар туралы жоғары тұрған білім басқару органына, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға дер кезінде хабарлайды; жазатайым жағдайды туғызған себептердің жойылуын және объективті тексеріс өткізілуін қамтамасыз етеді;
  • жұмыс істеушілердің және оқушылардың ішкі тәртіп ережелері мен функционалдық міндеттерін  кәсіподақ комитетімен келісіп бекітеді.
  • кәсіподақ комитетімен және ата-аналар қоғамымен бірге асханада тамақтануды жетілдіру, өнімдердің ассортиментін, азық-түліктің сапалы даярлау шарттарын жасайды.
  • дәрігерлік қызметкерлермен бірге мектепте дәрігерлік қызметтердің сапасын көтеруді шешеді;
  • жұмыс істеуші және оқушының дұрыс демалуы мен жұмыс істеу тәртібін бақылайды;
  • оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына зиян  келетін жағдайларда  оқу процесін  тоқтата алады;
  • есепті өкілетті мемлекеттік және жергілікті атқару органдарға дер кезінде береді.
  • мектепішілік бақылауға басшылық жасайды

        Білуге міндетті:

  ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «Бала құқығы туралы» Заңдарын және басқа да білім мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және  жас ерекшелік психология негіздерін оқыту әдістемесін, мектеп гигиенасын, физиология. әлеуметтану негіздерін,қазіргі заманғы ғылым мен техника жетістіктерін,  әдістемелік-бағдарламалық құжаттарды, еңбек заңнамаларын, еңбек

                                                                                                                       Жұмыс уақыты:    09.00 – ден 17.00 – ге дейін.

                                                                                                                                                            Таныстым:____________                                                          

Директордың оқу-әдістеме  жөніндегі орынбасары –  Бектаева Гулжамал Тургынбековна

          Лауазымдық міндеттері:

     — Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми- әдістемелік  және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды;

—  Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі құжаттар (кестелер,тіркеу журналы,хаттамалары)

—  Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау  жасайды;

—  Дарынды балалармен жұмыс құжаттарына жауапты (мәліметтер,анкеталар,сауалнамалар,есебі)

—  Үлгерімі төмен балалармен жұмыс құжаттарына жауапаты (мәліметтер,анкеталар,сауалнамалар,есебі)

— Білім беру ұйымдарының оқу процесін жетілдіру мақсатында пәндік әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.Педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды;

— Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттаудан өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

—  Қатаң есептегі құжаттардың жүргізілуін  бақылауына жауапты;

— Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру,  әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды;

—   Қазақ тілі пәндерінің  бірлестігінің білім сапасын қадағалайды;

—   Интернет желісін оқу-тәрбие барысында пайдалану жұмысын ұйымдастырады;

—  Мақтау қағаздарына жауапты;

—  Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық — коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген;

—  Әдістемелік кеңестің құжаттарына жауапты  (бұйрығы, жоспары,есебі,мәліметтері,анықтамалары);

— Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді;

—  PISA, TIMSS жұмыстарына жауапты;

—  Деңгейлік курсты оқып келген мұғалімдердің жұмысын ұйымдастырады;

—  ББМЖ  бойынша дайындық жұмыстарын  ұйымдастыру және өткізуіне жауапты;

-Деңгейлік курсты бітірген мұғалімдермен жұмысына жауапты (жоспар,кесте,ашық   сабақтар,коучинг,семинарлар,қортындылар);

—  Педагогикалық қызметкерлердің озық іс-тәжірибесіне жауапты (жоспарлар,бұйрықтар,сабақ үлгілері, хаттамалар);

—  Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардың оқыту мазмұнын анықтау жұмысын жүргізеді;

—  Педагог кадрларды біліктілігін арттыру, аттестаттау жұмыстарын жүргізеді;

— Оқу жылына арналған жылдық жұмыс есебіне жауапты (ӘБ жетекшісінің есебі, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарының есебі);

— Дарынды балдармен, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс құжаттарына жауапты;

—  Жас мамандармен жұмыс (жоспар,бұйрық,кесте,мәлімет);

— Оқушылардың бақылау жұмыстарының қорытындылары (пәндер бойынша бақылау жұмыстарының көрсеткіштері, сараптамалары);

— «Шығармашылық топ» жұмыс жоспарының іске асуын қадағалайды;

—  Кабинет паспортына жауапты;

—  Біліктілік санаты берілгені туралы куәліктерді тіркеу журналына жауапты;

 -Апталықтар, олимпиадалар, байқаулар,конкурстар өткізу құжаттарына жауапты (бағдарламалар,тізімдер,жоспарлар,мәліметтер);

-Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі құжаттарына жауапты (жоспары,хаттамалары,мінездемелер,қорытындылар, жеке  құжаттар көшірмесі,аттестациялық парақтар);

— « Жас ғылым» кіші ғылыми қоғамының жұмыс құжаттарына жауапты (бұйрықтар  оқушылардың ғылыми жұмыстары (іс-шара жоспары хаттамалары);

 — Мектеп үйлестірушісінің құжаттарына жауапты ( жоспары кестелері);

 — Пән олимпиадасының құжаттарына жауапты (жоспары кестелері бұйрықтары хаттамалары;

— Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқытылатын сыныптардың нормативтік құжаттарына жауапты  (Бұйрықтар ережелер); 

— Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқытылатын  сыныптарына жауапты;

— Білім беру дамыту бағдарламасы бойынша іс-шаралар (бұйрықтар,анықтамалар,іс-шаралар жоспарлар,перспективалық  жоспарлар)

— Оқушылардың оқу жүктемесін бақылауына жауапты;

— Мектептегі оқу-тәрбие жұмысына, ауысым жұмысына жалпы басшылық жасау;

— Мұғалімдердің алмасуын қадағалап, ұйымдастырады,алмасым сағат есебін жүргізуіне жауапты;

— Мұғалімдердің жалақысына табель және тарификация жұмыстарын жүргізуіне жауапты;

— Бағдарламаға сәйкес күнтізбелік және тақырыптық жоспарлар жасауға басшылық жасап,қадағалайды;

— Мектепішілік ,қалалық,облыстық пәндер  бойынша семинарлар ұйымдастыруына жауапты;

— Іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуін қадағалау;

— Мұғалімдердің жалақысына табель және тарификация жұмыстарын жүргізуіне жауапты;

— Бағдарламаға сәйкес күнтізбелік және тақырыптық жоспарлар жасауға басшылық жасап,қадағалайды;

— Мектепішілік ,қалалық,облыстық пәндер  бойынша семинарлар ұйымдастыруына жауапты;

— Іс-қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуін қадағалау;

— Ауысым бойынша сабақ кестесін жасауға ,журналдардың дұрыс толтырылуын қадағалайды.

— Жеке пәндер бойынша оқушылар біліміндегі олқылықтарды анықтап, ата –аналармен, мектеп психологтарымен бірлесе

отырып жеке жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады және бақылайды;

— Оқушылардың тоқсандық білім сапасының есебі,қорытындыларына жауапты (пәндер бойынша тоқсандық

жұмыстарының көрсеткіштері,сараптамалары) 1- 4  сыныптар

-Айлық табелі

— Тарифтік ведомостерғе жауапты (тізімдер)

— Бағдарламаға сәйкес күнтізбелік және тақырыптық жоспарлар жасауға, басшылық жасап,қадағалайды;

— Сынып журналына жауапты

— Оқу жұмыстарына жауапты

—  Босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналына жауапты;

—    ББЖМ  құжаттарына жауапты; (жоспар ,тест жұмыстары қорытындысы,қосымша сабақ кестесі,мониторингі)

— Мектептік статистикалық есптердің , мектеп құжаттарының (сынып журналының ,оқушылардың жеке іс-қағаздарының;

1) ОШ-1,  2) ОШ-3,   3)ОШ-6,  4) Оқушылардың жеке құжаттары;

5) Ұлттық білім беру деректер қорының (НОБД) дұрыс толтырылуына жауапты;

6) Оқушылардың қозғалысының алфавиттік кітабына жауапты;

—  Оқушылардың жеке құрам бойынша бұйрықтарына жауапты;

— Оқушылардың жеке құрам бойынша тіркеу журналына жауапты,

— Мектептегі медициналық жұмысты бақылау;

— Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша тіркеу журналын қадағалау;

— Педагогикалық  кеңес отырысының  хаттамалары және оған қатысты құжаттарына жауапты (отырыстың күн тәртібі,анықтамалар,баяндамалық жазбалар,жиынтық мәліметтер);

— Оқушылардың жеке іс құжаттарына жауапты (туу туралы куәлік,өтініші,жанұя анықтамасы,мекен-жай анықтамасы,ата-анасы туралы мәлімет,т.б)

— Оқушылардың табельдеріне жауапты;

— Оқушылардың табельдерін есепке алу журналына жауапты;

Білуге міндетті

  • ҚР  Конституциясын , ҚР «Білім туралы»,
  • «Бала құқығы туралы» Заңдарын және басқа да білім мәселесі жөніндегі нормативтік –құқтық актілерді,педагогика және жас ерекшелік психология негіздерін оқыту әдістемесін , мектеп гигиенасын , физиология , әлеуметтану негіздерін, қазіргі заманғы ғылым мен техника жетістіктерін , әдістемелік –бағдарламалық құжаттарды , еңбек заңнамаларын ,еңбек қорғаудың нормасы мен ережесін, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғаныспен танысты.

                                                                                                           Жұмыс уақыты:  08.00 – ден 17.00 – ге дейін.

                                                                                                                  Таныстым:____________                                                         

Директордың  тәрбие жұмысы  жөніндегі орынбасары  — Ахметова Айнур Базарбаевна

    Лауазымдық міндеттері:

—    Мектептегі тәрбие жұмыстарына, тәрбие жоспарын құруға, жаңа инновациялық келісім жасауға жауапты;

—    Мектеп оқушыларының тәрбие бағдарламасын жасайды;

—    Мектептің тәрбие жұмысын жоспарлайды, тәлімгердің ағымдағы және перспективалық жоспарын реттейді;

—    Педагог-ұйымдастырушы мен тәлімгердің кәсіби шеберлігінің және біліктілігінің жоғарылауын ұйымдастырады;

—    Сынып жетекшілердің, дене тәрбиесі бойынша мұғалімдердің үйірме жұмыстарын, көркемдік цикл мұғалімдерінің жұмысын бақылайды;

—    Тәрбие жұмыстарына байланысты әдістемелік құжаттарды реттейді;

—    Мектеп бойынша ТҚ  жұмыстарына басшылық. 

—    Жалпы мектептің мәдени-тәрбиелік іс-шараларының өтілуіне жауапты;

—    Тәрбие процесінің системалық сапасын бақылайды;

—    Үйірме жұмыстарына, секцияларға бақылау жүргізеді;

—    Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке жұмыс жүргізіп , бақылайды;

—    Әкімшіліктің жасөспірімдер ісі бойынша бөлімімен және жасөспірімдер орталығымен жұмыстар ұйымдастырады;

—    Құқық қорғау ұйымдары қызметкерлерімен,  қоғам өкілдерімен, ата-аналар комитетімен жұмыс жүргізеді;

—    Моральдық-психологиялық климаттың ыңғайлы болуын қадағалайды;

—    Мектеп оқушыларының арасында қауіпсіздік ережелерін жүргізеді;

—    Тәрбие саласындағы озат тәжірибені зерттеп, жинақтау, тарату; тәрбие ісіне барлық жұртшылықты қатыстыру;

—    Директор жанындағы кеңес отырысының хаттамалары және оған қатысты құжаттарға жауапты  (күн тәртібі ,анықтамалар,жиынтық мәліметтер)

—    Тәрбие саласын дамыту жолдарында, тәрбие ісінде озық үлгілер көрсеткен мұғалімдерді марапаттауға ұсынады; өз ісіне салғырт қарағандарға шара қолдану туралы ұсыныс жасайды;

—    Тәрбие жұмысына байланысты белгіленген есептің, өтілген іс-шаралар жоспарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз етеді;

—    Мектептегі сыныптан тыс іс-шараларға қатысады;

—    «Құқықтық кеңес» жұмыстарының жүргізілуіне жауапты;

—    Оқушылардың әдеби шығармалар жазуына, түрлі кештер ұйымдастыруына басшылық жасайды;

—   Мектептегі  көгалдандару жұмысына жауапты;

—   Таңертеңгілік жаттығудың өтілуіне, сыныптардың кезекшілігіне жауап береді;

—   Оқушылардың сабаққа қатысымын қадағалау, қажетті жағдайда ата-аналарын заң аясында жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізеді;

—   Оқушылар демалысын жоспарлауды ұйымдастырады;

—   Жеке тұлғаны қалыптастыру, оның жанұясымен байланысты қамтамасыз етеді;

—   Бекітілген мектеп  формасының сақталуын басшылыққа алады;

—   Мекеме басшысы, лауазымдық жауапты және материалдық жауапты тұлғалардың ауысуы кезінде жасалған қабылдап –тапсыру актісі мен олардың қосымшалары

—  «Қамқоршылық кеңесі» жұмыстарының және әлеуметтік педагог жұмысының жүргізілуіне жауапты;

—   «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарының,  «Адал ұрпақ», «Әкелер мектебі » жұмысын ұйымдастырады;

—   Педагог-психологтардың жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілуіне жауапты;

—   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар құжаттары (бұйрықтар,жоспарлар, мәліметтер,хаттамалар)

—   Ауысым бойынша оқушылардың күнделіктерін тексеру және қадағалау;

—   Дене шынықтыру, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының  өтілуіне басшылық жасау;

—    Мектептегі тәрбие жұмыстарына, тәрбие жоспарын құруға, жаңа   инновациялық келісім жасауға жауапты;

—    Мектеп оқушыларының тәрбие бағдарламасын жасайды;

—    Мектептің тәрбие жұмысын жоспарлайды, тәлімгердің ағымдағы және перспективалық жоспарын реттейді;

—    Педагог-ұйымдастырушы мен тәлімгердің кәсіби шеберлігінің және біліктілігінің жоғарылауын ұйымдастырады;

—    Сынып жетекшілердің, дене тәрбиесі бойынша мұғалімдердің үйірме жұмыстарын, көркемдік цикл мұғалімдерінің жұмысын бақылайды;

—    Тәрбие жұмыстарына байланысты әдістемелік құжаттарды реттейді;

—    Мектеп бойынша ТҚ  жұмыстарына басшылық. 

—    Жалпы мектептің мәдени-тәрбиелік іс-шараларының өтілуіне жауапты;

—    Тәрбие процесінің системалық сапасын бақылайды;

—    Үйірме жұмыстарына, секцияларға бақылау жүргізеді;

—    Құқық қорғау ұйымдары қызметкерлерімен,  қоғам өкілдерімен, ата-аналар комитетімен жұмыс жүргізеді;

—    Моральдық-психологиялық климаттың ыңғайлы болуын қадағалайды;

—    Мектеп оқушыларының арасында қауіпсіздік ережелерін жүргізеді;

—    Тәрбие саласындағы озат тәжірибені зерттеп, жинақтау, тарату; тәрбие ісіне барлық жұртшылықты қатыстыру;

—    Педкеңеске, директор жанындағы кеңеске, құқықтық кеңеске мәселелер қояды;

—    Тәрбие жұмысына байланысты белгіленген есептің, өтілген іс-шаралар жоспарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз етеді;

—    Мектептегі сыныптан тыс іс-шараларға қатысады;

—    «Құқықтық кеңес» жұмыстарының жүргізілуіне жауапты;

—    Оқушылардың әдеби шығармалар жазуына, түрлі кештер ұйымдастыруына басшылық жасайды;

—   Мектептегі  көгалдандару жұмысына жауапты;

—   Таңертеңгілік жаттығудың өтілуіне, сыныптардың кезекшілігіне жауап береді;

—   Оқушылардың сабаққа қатысымын қадағалау, қажетті жағдайда ата-аналарын заң аясында жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізеді;

—   Оқушылар демалысын жоспарлауды ұйымдастырады;

—   Жеке тұлғаны қалыптастыру, оның жанұясымен байланысты қамтамасыз етеді;

—   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар құжаттары (бұйрықтар,жоспарлар, мәліметтер,хаттамалар)

—  Мұғалімдердің техникалық қауіпсіздігіне жауапты;

—  Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді;

— Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

— Оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін қадағалайды;   

— Жұмыскерлерді техникалық қауіпсіздікке оқыту туралы құжаттарына жауапты (бағдарламалар,тізімдер,хат алмасулар);

                                                                                                                                           Жұмыс уақыты:  08.00 ден 17.00 – ге дейін

                                                                                                                                                                         Таныстым:___________

Директордың  шаруашылық  жұмысы  жөніндегі  орынбасары – Альжанов Абилхас Алиханұлы

            Лауазымдық міндеттері:

      —   мектептің шаруашылық жұмыстарын бақылайды, басқарады, мектептің қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты         мәселелерін шешуге көмектеседі;

  • мектептің кіріс-шығыстарын есепке алып, қатты және жұмсақ инвентарларды дер кезінде бухгалтериямен бірге отырып, нивентаризация   есебін жүргізеді, сақталуын қадағалайды;
  • ҚР “Еңбек туралы” Заңына, мектептің ішкі еңбек тәртібі ережелеріне, мамандығы мен кәсібіне сай оқу орнының кіші қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;
  • энергетикалық құралдар мен мекемедегі эксплуатациялық қызметтегі механизм, машина жылжымалы су құбырындағы техника қауіпсіздігінің сақталуына жауапты;
  • мекемедегі заттардың сақталуы мен жұмсалуына, ауыр заттардың орнын ауыстыруға, санитарлық-гигиеналық жағдайларға    жауапты;
  • вентиляциялық құралдардың жұмысына жауапты;
  • мекемеде жұмыс істейтін әрбір қызметкерге қауіпсіздік техникасы нұсқауларын жасап, кәсіподақ комитеті мен мекеме басшысына бекіттіреді;
  • техникалық арнайы қызметкерлерді өмірге қауіп келтіретін құралдарды қалай пайдалану керектігі туралы арнайы маманмен кездесу ұйымдастырады (баллон, су құбырлары, жылыту құбырлары, электр жүйелері т.б.);
  • арнайы қызметкерлерді тиісті ережелермен таныстырып, білімдерін тексереді, жұмыс істеуге бағыт беріп, тіркеу кітабына енгізеді;
  • мекеменің техникалық қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайын талапқа сай қамтамасыз етеді;
  • мекеме  аймағында  адамдардың жүруі мен көліктердің қозғалысына жауапты;
  • мекемедегі жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізеді;
  • су,  жылу құбырларын, канализация, электр жүйелері мен санитарлық-техникалық құралдарды үнемі бақылауда ұстауға, тексеруді ұйымдастыруға жауапты;
  • су жылыту құбырларын дұрыс тазалауды және олдардың жұмыс істеуін қадағалайды;
  • жұмысқа байланысты қызметкерлерді арнайы киімдермен қамтамасыз етеді;
  • арнайы киімдердің берілуін, жуылуын, дизенфекциялануын тексеріп, ұйымдастырады;
  • өрт қауіпсіздігі жұмысына жауапты;
  • өртке қарсы бұйымдардың, өрт сөндіру құралдарының және т.б. инвентарлардың жұмыс жасауын қамтамасыз етеді;
  • Мектептің техникалық төлқұжатына жауапты;
  • инженерлік-техникалық коммуникацияларды жүргізу қауіпсіздігін, олардың «Еңбек туралы»  Заңға, стандартқа, ережелерге нормаларға сәйкестігін қадағалайды;
  • білім алатын мекеме ғимараттарының жөнделуін дер кезінде ұйымдастырады.

      —     еңбек қауіпсіздігін оқу бөлмелерінде, шеберханаларда, спротзалдарда және т.б қосымша бөлмелерде қадағалайтын  жауапты  тұлғаларды тағайындайды

  • мектепті жаңа оқу жылына дайындау, жөндеу, мектеп қабырғасын көріктендіру, ауыз сумен қамтамасыз ету, тазалықты сақтау жұмыстарына жауапты;
  • санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жасауға және мамандармен жұмыс істеуге жауапты;
  • мемлекеттік бақылау санитарлық  эпидемиологиялық қадағалау,жылу жүйесі, электр қуатын өтеу,мемлекеттік өрттен сақтандыру т.б мекемелердің жазбаша актілеріне жауапты;
  • мекеме басшысы, лауазымдық жауапты және материалдық жауапты тұлғалардың ауысуы кезінде жасалған қабылдап –тапсыру актісі мен олардың қосымшаларына жауапты;
  • кіші қызметкерлердің жұмысын бақылауға, басшылық жасауға,  айлық жалақысы туралы табелді толтыруға жауапты;
  • Мекеме басшысы, лауазымдық жауапты және материалдық жауапты тұлғалардың ауысуы кезінде жасалған қабылдап –тапсыру актісі мен олардың қосымшалары

Білуге міндетті:

ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «Бала құқығы туралы» Заңдарын және басқа да мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, мектеп оқушыларының гигиенасын, физиология, әлеуметтану негіздерін, қазіргі заманғы ғылым мен техника жетістіктерін,  еңбек заңнамаларын, еңбек қорғаудың нормасы мен ережесін, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысты.

                                          Жұмыс уақыты:  09.00 – ден 18.00 – ге дейін.

                                             Таныстым: ____________