АСХАНА

Адал ас – аман денсаулық!⠀
Бүгін «Жас-Дарын 3» бастауыш мектебінде бракераждық комиссияның кезекті отырысы өтті. Арнайы комиссия мүшелері ас мәзіріндегі тағамдарды бағалап, санитарлық-гигиеналық талаптарға сайлығын тексерді.⠀
Нәтиже – қуантарлық: тағамдар баланың жас ерекшелігіне сай, пайдалы әрі дәмді!⠀
Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – біз үшін бірінші орында.

Мектеп асханасына бракеражды комиссия асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын, тамақ сапасын және қызмет көрсету деңгейін бақылау мақсатында құрылады. Бұл комиссияның жұмысы мектептегі оқушылардың денсаулығын қорғау мен тамақтану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мектепке зиянды тіске басарлар(чипсы, кириешки, қытай палочкалары т.с.с зиянды тағамдар кіргізілмейді және мектеп асханасында сатылмайды❌❌❌.
Дұрыс тамақтану қатаң бақылауда.

02.02.2024 Бракеражды комиссия мектеп асханасына оқушыларға берілетін ыстық тамақ сапасы және асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығын бақылау мақсатында жүргізілді.