
03.02.2025 күні мектебімізде «Білім шыңының баспалдағы» атты апталығымызды салтанатты ашылу кеші өтті!
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халқымыздың даналы сөздері дәлел болатынын іспеттес. Мектеп табалдырығында әрбір оқыған шығармаларыңызбен, әрбір жаттаған өлең жыр шумақтары, үлкен өмірге қадам басқанда,өз ықпалын тигізетіні бәрімізге мәлім. Ал мектеп қабырғасына алғаш келгенде, әріптермен таныстырып, сандарды жаттатқан ол-Бастауыш сынып. Сонымен бірге жасалған шығармашылық жұмыстар мен тәжірибелер, практикалық жұмыстар-баланың өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп,өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.