Робототехника

Робототехника үйірмесінде жаңа-жыл қарсаңында жасаған өнерлері.

Робототехника үйірмесінде оқушылар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өз қиялдарымен жасап шығарған бұйымы. Туымыз тек биікте желбіресін!

Бағдарламалау негіздері: Робототехника арқылы балалар алгоритмдер құрып, бағдарламалауды үйренеді.
Инженерлік ойлау: Механика, электроника және құрылымдық жобалау негіздерін меңгереді.
Қиялын-ойға, ойын-әрекетке, әрекетін-нәтижеге айналдыруға қалыптасады.

Түсті сұраныш-LEGO Mindstorms EV3 Education базалық жиынтығына арналған стандартты робот үлгісі.Сұрыптау білім беру робототехникасындағы типтік тапсырма. Робот-автоматтандырылған конвейер желісі. Түсті анықтау үшін дизайнға енгізілген сәйкес сенсор қолданылады

Робототехника заман талабы. Өскелең ұрпақ дамыған заманда өз орнын тауып ,тұлға болып қалыптасуына қазіргі алған білімі өте үлкен әсерін береді. Болашақта пайдалы роботтар жасап шығаратын білімді ұрпағымыз дамысын деген ниеттеміз.

Робототехникадан оқушыларымыз келесі деңгейге өтіп ерекше роботтар жасап жатыр.Тазалау қызметін атқарушы робот.